Ауа райы
1 мин оқу 30
Қыстың алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: left;"><strong>«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 1 желтоқсанда республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды,</strong> деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Болжамға сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсері сақталады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша тұман түседі, ал оңтүстік-шығыста желдің екпіні күшейеді.
Айта кетейік, бұған дейін биылғы қыс еліміздің көп өңірінде климаттық нормадан ауытқымайтынын, аса қатқыл мінез танытпайтынын жазған едік.
Бөлісу: