Әлем
1 мин оқу 20

Павел Дуров Amazon-ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды

<p><strong>Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров&nbsp;Confidential Compute Open Network платформасын іске қосты. Аталған платформа ақпарат іздеуде ЖИ мүмкіндіктерін қолданушылардың жеке деректері мен құпиясын 100% сақтауға кепілдік беріп отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Павел Дуров Amazon-ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды

Павел Дуров  жаңа платформа Cocoon Amazon, Microsoft сынды жүйелерге балама бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ желі Telegram-дағы сөйлемдерді автоматты түрде аударуға қатысты кей сұранысты өңдейтін болады.

«Желіні қолданушылар Microsoft немесе Amazon сияқты орталықтандырылған провайдерлерге қарағанда төмен бағамен есептеу ресурстарын пайдалана алады. Қазірдің өзінде арнайы веб-сайтты іске қостық. Желіні пайдаланушылар жеке деректерінің сақталуын өздері бақылай алады», деді Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы.

Бизнесмен желіні пайдаланушылар қатарын арттыру мақсатында алдағы аптада Cocoon-ның функциялық мүмкіндіктерін арттыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Павел Дуров Amazon-ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар