Қоғам
1 мин оқу 30

Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады

<p><strong>Оксфорд ағылшын тілінің сөздігі 2025 жылы ең жиі қолданылған сөз ретінде &laquo;рейджбейт&raquo; (rage bait &ndash; ызаны қоздыруға арналған) терминін таңдады. Соңғы 12 ай ішінде &laquo;рейджбейт&raquo; сөзінің қолданылу жиілігі үш есе артқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады

Rage bait – әдетте белгілі бір веб-бетке немесе әлеуметтік желідегі аккаунтқа трафик пен назар тарту үшін жарияланатын, әдейі  ашу-ыза немесе наразылық тудыруға бағытталған, арандатушылық немесе қорлайтын мазмұн.

«2025 жылғы жаңалықтар легінде әлеуметтік толқулар, онлайн-контентті реттеу туралы пікірталастар және цифрлық әл-ауқатқа қатысты алаңдаушылықтар басым болды. Біздің сарапшылар биыл rage bait сөзінің қолданылуының өзгергенін байқады, бұл – интернеттегі белсенділік және этика туралы әңгімелердің өзгеріске ұшырағанын көрсетеді», делінген Оксфорд университеті баспасының (Oxford University Press) хабарламасында.

Ал, Кембридж сөздігі 2025 жылдың сөзін «парасоциальды» деп жариялаған.

Бөлісу: