Аймақтар
1 мин оқу 20

Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

<p><strong>Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы&ndash;Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

Ерлі-зайыптылар Семей өңірінен Алматыға бет алған екен. Олардың өз бетінше көлік дөңгелегін ауыстыру мүмкіндігі болмаған. 

Патрульдік полиция инспекторлары Азамат Алмасұлы мен Рымжан Кервен дөңгелекті ауыстырып, көлікті жақын маңдағы шиномонтаж орталығына жеткізген.

Осылайша, полицейлер шетелдік азаматтарға көмектесіп, алғыс арқалады.

Бөлісу:
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар