Салық
1 мин оқу 30
Импортталатын дәрі-дәрмек шикізаты салықтан босатылады
<p style="text-align: left;"><strong>Отандық дәрі-дәрмектердің құнын төмендету және саланы қолдау үшін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа салық жеңілдіктерін бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарды өндіру кезінде пайдаланылатын импортталатын субстанция мен шикізатты ҚҚС-тан босату жөніндегі Үкімет қаулысының жобасы әзірленді», деп атап өтті ДСМ министрі Ақмарал Әлназарова.Сонымен қатар ведомство ауруханаларда отандық тауарлардың сатып алу үлесін ұлғайтуға ниетті. Егер, мысалы, Бірыңғай дистрибьюторда ол 30%-ға жетсе, медициналық ұйымдарда дербес сатып алу тек 10%-ды құрайды. Қабылданып жатқан шаралар салада бар серпінді күшейтуге арналған.
Бүгінде елімізде 200-ден астам тауар өндіруші тіркелген. 10 айдың қорытындысы бойынша олардың өнімділігі 11,7%-ға өсіп, 156,6 млрд теңгеге жетті. Дәрі-дәрмектің 460 атауын локализациялауды көздейтін тағы 9 инвестициялық жоба қаралу сатысында тұр.
Бөлісу: