Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін
<p><strong>Атырау облысында Қытайдан инвесторларды тартуға басымдық беріліп отыр. </strong><strong>Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне сүйенсек, осы мақсатта арнайы индустриялық аймақ құрылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Қазір индустриялық аймақта Қытайдың төрт компаниясы жұмыс істеп жатыр. Мұнда арматура зауыты, Svine зауыты және газ-поршенді электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр», дейді С.Шәпкенов.
Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірнеше жобаны жүзеге асыру қолға алынған.
«Бұл өңірді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге аймақта Emerson, Schneider Electric, WIKA, Beruseal секілді әлемге танымал брендтердің өндірістік цехтары толық локализациядан өтті. Жыл соңына дейін тағы 9 халықаралық компанияны іске қосу жоспарланып отыр», деп мәлім етті Серік Шәпкенов.