Білім
1 мин оқу 170

Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді

<p style="text-align: left;"><strong>Атырау облысында 13 мектептегі 92 сыныптың оқушылары қашықтан оқу режиміне көшірілді. Білім ордасындағы педагогтер мен оқушыларға медициналық маска кию ұсынылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді

Облыстық білім беру басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, бұған ЖРВИ-дің қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы себеп болған.

«Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 27 қарашадағы хатына сәйкес, ЖРВИ-дің қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі, орта білім беру ұйымдарында оқушылар мен қызметкерлердің медициналық маска кию режимін ұйымдастыру тапсырылды. Қазір облыстағы 13 мектептегі 92 сыныбының 1920 оқушысы онлайн оқытуға ауысты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар