Төтенше жағдай
1 мин оқу 31

Алматы облысындағы жол апатынан бес спортшы қаза тапты

<p style="text-align: left;"><strong>Алматы &ndash; Бішкек бағытындағы тасжолда қайғылы жағдай орын алды. Бішкекте өткен құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен келе жатқан жеті қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматы облысындағы жол апатынан бес спортшы қаза тапты

Көлікте болған спортшылардың барлығы зардап шекті.

Ұлттық сурдлимпиялық комитеттің вице-президенті және жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов бұл деректі растады.

Қаза тапқандардың аты-жөні:
• Асыл Ибраимов – құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы;
• Дмитрий Мочальский – Сурдлимпиялық ойындар мен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
• Сәкен Смағұлов – құлағы естімейтін футбол құрамасының ойыншысы;
• Сергей Волковинский – ұлттық құраманың ардагері;
• Серік Молдашев – құлағы естімейтін футбол құрамасының мүшесі.

Полицияның хабарлауынша, апат 129-шы шақырымда орын алған. Honda Odyssey маркалы микроавтобус HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, ауыр соққыдан жеті адам оқиға орнында қайтыс болды.

Бөлісу: