Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
<p style="text-align: left;"><strong>Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте тәртіп сақшылары масаң күйде көлік басқарған 6 жүргізушіні ұстаған. Одан бөлек мемлекеттік нөмірсіз жүрген 12 автокөлікті, сондай-ақ жалған нөмір қойылған 2 көлікті және өзге де бірқатар өрескел құқық бұзуды анықтаған.
— Жол қауіпсіздігі мәселелері жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Патрульдік экипаждар күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. Жол апатына тікелей әсер ететін өрескел заң бұзу бойынша бақылау айтарлықтай күшейтілді, — деді әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.