Астанада медициналық колледждегі дәрісханаға Ұлдана Мырзуанның есімі беріледі
<p style="text-align: left;">Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайғылы жағдайға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бұл оқиғада құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарына қатысты күмән көп, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сонымен қатар министр фельдшер Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімін беру жоспарланып отырғанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24B мекенжайындағы тоғыз қабатты ғимараттың қасбетінен кірпіш жабыны құлады. Салдарынан бес адам жарақат алып, №1 жалпы ауруханаға жеткізілген. 18 қарашада жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды.
Сол күні, 18 қарашада, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады. Астана әкімдігі оның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін, материалдық қолдау мен барлық рәсім шығындары өтелетінін мәлімдеді.