Өндіріс
1 мин оқу 60

Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

<p style="text-align: left;"><strong>&laquo;Техол&raquo; компаниялар тобы Атырау қаласын жаңғыртуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаның тұжырымдамасын жуырда көпшілікке таныстырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

Жыл соңына қарай холдинг басшысы Шота Абхазава бұрын жариялаған итальяндық сәулетшілер әзірлеген Атырау трансформация жобасының тұжырымдамасын ұсынады.

Petro_Council арнасының хабарлауынша, Атырауда жүзеге асырылуы мүмкін бірқатар ірі нысанның алдын ала жобалары белгілі. Олардың қатарында:

  • Бұрынғы «Ақ-Жайық» қонақүйінің орнына салынатын көпфункционалды кешен;
  • Самал шағын ауданында бой көтеретін ірі сауықтыру-емдеу орталығы;
  • Әуежай маңында Formula-1 жарыстарын өткізуге арналған кәсіби автодром және оған іргелес инфрақұрылым бар.

Алдын ала ақпарат бойынша, бұл жобалардың ресми таныстырылымы желтоқсан айының екінші жартысында өтеді.

Бөлісу:
Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар