Қоғам
1 мин оқу 30

Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

<p><strong>Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

Жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір электр самокатқа қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Сондай-ақ мұндай самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді.

Жалға берушілер жүргізуші куәлігі жоқ немесе одан айырылған адамға электр самокатты басқаруға рұқсат бергені үшін жауапты болады.

Бөлісу: