Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылды
<p><strong>Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефонын іске қосты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін, сел қаупі бар учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізген. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тексерілген.
Министрлік аталған нысандар зақымданбағанын, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Ал тұрғындардың сауалдарына жауап беру үшін ТЖМ-ның психолог мамандарымен бірлесе арнайы сенім телефоны іске қосылған.
Алматы қаласы: 8 (727) 278 20 83, 8 (727) 278 20 84;
Алматы облысы: 8 (727) 722 60 97;
Жетісу облысы: 8 (7282) 32 44 36.
Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2–3 балл аралығында болған.