Қоғам
1 мин оқу 60

Алматы әкімдігі: Эвакуация қалыпты жағдайда өтті

<p><strong>Алматы әкімдігі жер сілкінісінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауға шақырды. Ал дүмпу кезінде тұрғындар хабарландыру жүйелері арқылы құлақтандырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматы әкімдігі: Эвакуация қалыпты жағдайда өтті

«Барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындардың телефондарына Mass Alert жүйесі арқылы хабарламалар жіберілді, қала бойынша дауыс зорайтқыш арқылы ескерту сиреналары қосылды», делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті. Алгоритмге сәйкес, адамдар ғимараттардан сыртқа шықты. Үрей тудырған жағдайлар байқалған жоқ.

Еске салайық, бүгін Алматыда жер сілкінді.

Бөлісу:
Алматы әкімдігі: Эвакуация қалыпты жағдайда өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар