Аймақтар
1 мин оқу 20

Қостанай облысында жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды

<p><strong>Жол-көлік апатын азайту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған&nbsp;&laquo;Қауіпті жүргізуші&raquo;&nbsp; іс-шарасы аясында полиция мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;</strong><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай облысында жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды

Өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойында 42 патруль кезекшілік етеді. Одан тыс 1 аумақтық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Полиция тек жол ережесін бұзушыларды ғана тіркеп қоймай, жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгіме өткізіп, жолда
қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Іс-шараның алғашқы үш күнінде мас күйде көлік жүргізген 12 адам, жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды. Оның 11-і – көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. Сондай-ақ, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 7 жүргізуші анықталды», дейді облыстық ПД-ның баспасөз орталығы.

«Қауіпті жүргізуші» операциясы апта соңына дейін жалғасады.

Қостанай облысы

Бөлісу: