Қаржы
1 мин оқу 10

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

<p>Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 504 теңгені құрап, 3,89 теңгеге&nbsp;қымбаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Kurs.kz деректеріне сәйкес, валюта айырбастау пункттерінде доллар 504,3-506,8 теңгеден, еуро 586,9-592,9 теңгеден, рубль 6,51-6,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.

5 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсім көрсетті:

  • Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерсі 0,03% өсіп, барреліне 63,28 доллар болды.

  • WTI маркалы мұнайдың қаңтар айына жеткізілімдік бағасы 0,05% қымбаттап, барреліне 59,69 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 499,65 теңге, еуроны 582,89 теңге, ал рубльді 6,47 теңге деңгейінде бекіткен.

Бөлісу:
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар