Саясат
1 мин оқу 40

Комиссияның қорытынды отырысы

<p style="text-align: left;">Кеше &laquo;Тәуелсіздік ұрпақ&shy;тары&raquo; грантын таға&shy;йындау жөніндегі конкурс&shy;тық комиссияның қоры&shy;тынды отырысы өтті.</p>

Комиссияның қорытынды отырысы

Премьер-министрдің орын­­басары – Мәдениет және ақпа­рат министрі Аида Балаева жастарға жан-жақты қолдау көрсету Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Тәуелсіздік ұрпақ­тары» гранты – дарынды жас­тарды анықтауға бағытталған Президент бастамаларының бірі.

Комиссия құрамына Парла­мент депутаттары, көрнекті ғалымдар, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, медиа-сарапшылар, бизнес өкілдері кірді. Аида Балаева комиссияның әділ шешім қабылдағанына сенім білдірді.

Комиссия қорытындысының нәтижесінде 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл барлығы 1700 өтінім түсті. Оның ішін­де 1622 өтінім қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағы­ты бойынша – 796, «Ғылым» бағыты бойынша – 138, «Мәдениет» бағыты бойынша – 152, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 211, «Медиа» бағыты бойынша – 154, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 171 өтінім.

Бөлісу:
Комиссияның қорытынды отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар