Ауа райы
1 мин оқу 10

Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді

<p><strong>Қазақстанның үш облысындағы трассаларда ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл шектеулер әсіресе жүк және қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың 7 желтоқсанында сағат 12:30-да бастап ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуі, тұман) байланысты бірнеше учаскедегі автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеулер үш облысты қамтитын негізгі республикалық маңызы бар жолдарда әрекет етуде:

1. Ақтөбе және Қызылорда облыстары:

• Жол атауы: «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы»

• Ақтөбе облысындағы учаске: 965-тен 1240 шақырымға дейін (Қарабұтақ кентіненҚызылорда облысының шекарасына дейін).

• Қызылорда облысындағы учаске: 1240-тан 1362 шақырымға дейін (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

2. Ақтөбе және Қостанай облыстары:

• Жол атауы: «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ»

• Ақтөбе облысындағы учаске: 0-ден 234 шақырымға дейін (Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін).

• Қостанай облысындағы учаске: 234-тен 310 шақырымға дейін (Ақтөбе облысының шекарасынан Адаевка ауылына дейін).

«ҚазАвтоЖол» жолдардың ашылуының болжамды уақыты – сағат 18:00 екенін хабарлады.

Назар аударыңыз: Жолдар ауа райы тұрақталған жағдайда ғана ашылады. Жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын жедел қызметтердің хабарламаларын тексеру ұсынылады

Бөлісу: