Есірткі
1 мин оқу 20

Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді

<p><strong>Ақтөбе қаласында өтіп жатқан &laquo;Учаске&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 есірткі жарнамасы анықталып, осы іс бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорлардың бірігіп, есірткі қабылдап, ішімдік ішуіне үй-жайларын берген екі пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп&nbsp;</strong><strong>хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді

Учаскелік инспекторлар үй-жайларды аралау кезінде притондарда тұрақты түрде жиналып, есірткі қабылдайтын 139 тұрғынның жеке бастарын анықтап, оларды ішкі істер органдарына нашақор есебінде тіркеуге қойды.

Олардың арасынан 12 адам мәжбүрлі түрде емделетін арнаулы медициналық мекемеге жатқызылды. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы әлі де жалғасып, учаскелік инспекторлар өздері бекітілген аумақтарды, әсіресе қаланың шеткі бөліктері мен саяжай үйлерін аралап жүр.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар