KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: доллар бағамы 508 теңгеге жетті
<p data-start="58" data-end="184"><strong data-start="58" data-end="184">Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 508,30 теңгені құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. <br /></strong></p>

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 508,30 теңгені құрап, 3,69 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің ресми бағамы – 504,49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511,03 теңгеден сатып алынады, 513,12 теңгеден сатылады. Еуро 592,07 – 597,78 теңге, ал рубль 6,50 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,66 теңгеден сатып алынады, 74,47 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 508,83 теңгеден сатып алынады, 515,83 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 588,68 теңге, сату - 598,68 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,44 теңге, сату - 6,60 теңге.
– юань: сатып алу - 72,45 теңге, сату - 76,74 теңге.