Бизнес
1 мин оқу 40

Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

<p style="text-align: left;"><strong>2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді &laquo;жаңа таза парақтан бастау&raquo; жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

Қаржы министрлігі келесі жылдан бастап борышкер кәсіпкерлердің өсімақылары мен айыппұлдары қандай жағдайда есептен шығарылатынын айтты.

- егер кәсіпкерлер негізгі борышты 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтесе, салықтар мен төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға;

- белгілі бір жағдайларды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін камералдық бақылау мен салықтық тексерулердің күшін жоюға;

- ҚҚС бойынша міндетті есепке қою тәртібін бұзған және салық есептілігін ұсынбаған адамдарды әкімшілік жауапкершіліктен босатуға міндетті.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану және тіркеу (қайта тіркеу) туралы сот талаптарын беруді тоқтату және кәсіпкерлік субъектілерін камералдық бақылаусыз таратудың жеңілдетілген рәсімін жүргізу жоспарланып отыр.

Бөлісу: