Футбол
1 мин оқу 61

«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды

<p style="text-align: left;"><strong>UEFA Жастар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда &laquo;Қайрат U19&raquo; командасы өз алаңында гректің &laquo;Олимпиакосын&raquo; 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды

Айта кетейік, 2015 жылғы маусымда «Астана» жастар командасы барлық алты кездесуде жеңіліс тапқан еді.

Матчтың төртінші минутында шабуылшы Рамазан Бағдат  есеп ашты – 1:0. Ерте соғылған гол гректерді ойын өрнегін өзгертуге мәжбүр етті, бірақ алматылықтар қорғаныста сауатты, ал қарсы шабуылда өткір ойнады.

Екінші таймда «Қайрат» тағы бір мүмкіндікті кәдеге жаратты. 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш қарсыластың қателігін пайдаланып, есепті еселеді – 2:0.

Кездесуде ел футболындағы ең танымал жас қақпашы саналатын Шерхан Қалмұрза «Қайраттың» қақпасын қорғады.

Нәтижесінде алматылық команда 4 ұпай жинап, жалпы рейтингте 28-орынға көтерілді. Ал 7 ұпайы бар «Олимпиакос» 20-орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қайрат» пен  «Олимпиакостың» негізгі құрамы кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Бөлісу:
«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар