Павлодар өңірінде 500 ер адам әскерден жалтарып жүр
<p><strong>Әскерге шақыру комиссиясы оларға іздеу жариялаған. Жалтарған ер азаматтардың жартысына жуығы облыс орталығында тұрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Биыл күзде Ертіс-Баян өңірінен 550 жігіт әскерге алынуы керек. Өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мамандары әскерге шақырылушы комиссиядан өтуге келмесе, SMS қайталай жіберілетінін айтады. Ал одан нәтиже шықпаса, полиция департаментіне беріледі.
– Қазіргі күні шамамен 500-дей адам әскерге барудан жалтарып жүрген болып есептеледі. Олардың 213-і Павлодар қаласынан. 2024 жылдан бастап біздің департамент шақырылушыларды комиссияға алып келумен айналыспайды. Бұл құзырет полиция органдарына берілген, – дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Бекзат Оразов.
Әскери борышын өтеуден қасақана қашқандар Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес жазаланады. Әскерге барудан мүлдем бас тартқандарға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады.
Павлодар облысы