Білім
1 мин оқу 40
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
<p>Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Әкімдіктің мәліметінше, бүгін бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды.
«11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше еліміздің екі өңірінде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылған еді.
Бөлісу: