Қоғам
1 мин оқу 160

Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды

<p style="text-align: left;"><strong>Президент тапсырмасымен өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген, оның шеңберінде 2027 жылға дейін 300 мың орын пайдалануға берілуі тиіс. Ал 2-6 жас аралығындағылардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші 2025 жылы 95,9%-ға дейін жеткен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында белгілі болды.

«2023 жылдан бастап бүгінге дейін 182 мың жаңа орын ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 2-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны 2 есе (33,3%-ға) қысқарды», деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

2019 жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдардың саны да артқан. Нақты  атағанда,  8,6%-ға көбейіп, 10 650-ден 12 мыңға дейін жеткен. Сол ұйымдарда бүгінде 1 млн-нан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жүр.

Бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ жекеменшік балабақшалардың 94 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысымен қамтылған екен.

Бөлісу:
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар