Экономика
1 мин оқу 20
Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар енді Қазақстанда өндіріледі
<p><strong>Тарата айтар болсақ, Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар Өскеменде өндіріледі, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Өскемен арматура зауыты» мен «Каспий Құбыр Консорциумы–К» арасындағы келісімге Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен қол қойылды.
Келісім бойынша зауыт магистральді мұнай құбырына арналған қазақстандық жабдықтар — жапқыш арматура, сорғы агрегаттары мен электр қозғалтқыштарын жеткізеді.
Тараптар жабдықтарды техникалық қызметпен қамтамасыз етіп, инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесе енгізбек.
Бөлісу: