Саясат
1 мин оқу 10

Қос компания арасындағы уағдаластық

<p style="text-align: left;">Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен &laquo;Өскемен арматура зауыты&raquo; АҚ (&laquo;ӨАЗ&raquo; АҚ) мен &laquo;Каспий Құбыр Консорциумы-Қ&raquo; АҚ (&laquo;КҚК-Қ&raquo; АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.</p>

Қос компания арасындағы уағдаластық

Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құ­жатқа «ӨАЗ» АҚ бас директоры Александр Будрис пен Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Ынтымақтастық бекіткіш арма­тураның, сорғы агрегаттары мен электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолда­нуды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі опе­раторларының арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар «КҚК-Қ» АҚ-ны өз елімізден шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектер­мен әрі жабдықтармен қамтама­сыз етуге, жабдыққа техникалық қыз­мет көрсетуді, жабдықты жаң­ғырту мен сынақтан өткізуге, сон­дай-ақ инновациялық технология­лық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті.

Бөлісу:
Қос компания арасындағы уағдаластық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар