Әлем
1 мин оқу 20

Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттап жатыр

<p style="text-align: left;"><strong>50-ден астам ұйым өз парақшаларының қолжетімсіз болғанын немесе мүлде өшірілгенін хабарлаған. Бұл туралы британдық The Guardian басылымы жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттап жатыр

Соңғы апталарда Meta ЛГБТ-топтарға және жүктілікті тоқтату қызметтерін көрсететін ұйымдарға тиесілі ондаған аккаунтты өшірді. Аталған ұйымдар Meta-ның бұл әрекетін айыптап жатыр. Алайда компания барлық айыптауларды теріске шығарып, бұл цензурамен байланысты емес екенін атап өтті.

«Біздің платформаларымыздағы әр ұйым мен жеке тұлға бірдей ережелерге бағынады. Ал топқа қатыстылық немесе белгілі бір идеяны насихаттау негізінде қысым жасалды деген кез келген мәлімдеме негізсіз», делінген Meta хабарламасында.

Басылым мәліметінше, бұғатталғандар тек абортқа қатысты парақшалар мен ЛГБТ-аккаунттар ғана емес, сонымен бірге жалаңаш дене бейнеленген жарияланымдар да жойылған.

Бөлісу:
Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттап жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар