Қоғам
1 мин оқу 20

Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады

<p><strong>Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында сертификатталған коуч-жаттықтырушылардың тізілімі жасалады Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің сенаторлардың сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады

Үкімет басшысы дамыған мемлекеттерде коучинг қызметі кәсіби стандарттар жүйесі арқылы реттелетінін, қауымдастықтар атқаратын өзін-өзі реттейтін кәсіби жүйеге сүйенетінін баса айтты.

«ICF халықаралық коучинг федерациясымен бірге Коучинг қызметі (коуч) кәсіби стандарты әзірленді. Қазіргі таңда ол Ғылым және жоғары білім министрлігінде бекітілу сатысында. Кәсіптік стандарт 9 қызметті қамтиды: бизнес-коуч, мансаптық коуч, лайф-коуч, командалық коуч, көшбасшылық коуч, денсаулық және сауықтыру коучі, кәсіпкерлерге арналған коуч, білім беру коучі, спорттық дайындық коучі. Кәсіптік стандарттың негізінде Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында (career.enbek.kz) сертификатталған коуч-жаттықтырушылар тізілімі жасақталады», делінген жауапта.

Олжас Бектеновтің айтуынша, коучтарды оқытуды, сертификаттауды және тізілімге енгізуді ICF халықаралық коучинг федерациясы жүргізетін болады.

«Тұтынушылар құқықтарының қорғалуын күшейту және коучтар тарапынан адал мінез-құлықты қамтамасыз ету мақсатында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулер әзірленді.Онда коучтардың өзінің кәсіби біліктілігін тану туралы сертификатқа ие болуын, оны тұтынушыға таныстыруды міндеттейтін, сондай-ақ тұтынушыға өзі көрсететін қызметке қатысты жаңылыстыратын ақпаратты, сондай-ақ жалған жарнаманы таратуға тыйым салатын нормалар енгізілді. Алаяқтық құрамы болған жағдайда мұндай фактілер Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес жіктеледі», деді Премьер-министр.

Бөлісу:
Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар