Саясат
3 мин оқу 40

Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды

<p style="text-align: left;">Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған &laquo;Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту&raquo; ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.</p>

Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды

Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ұлт­тық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов сондай-ақ өңір әкімдері мен әкім орынбасарлары онлайн режімде қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы – бастапқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу, орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағыттарын қамти­тын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асуы болды. Бүгінде жоба аясында салынады деп әуелден жоспарланған 655 нысанның 645-нің құрылысы аяқталған. Бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған. Ал 419-ы ескірген ғимараттар орнына тұрғызылыпты. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 БМСК нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құ­ры­лыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұ­мыстарды дер кезінде аяқтап, әкім­шілік кедергілерді жоюды тапсырды.

«Барлық бағыт бойынша қатаң әрі жүйелі бақылауды қамтамасыз ету қажет. Әр облыс бойынша бекітілген графикті бұлжытпай орындап, бар­лық кезеңінде қадағалау және мін­дет­темелердің толық орындалуына қол жеткізу маңызды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәти­жесіне қатысты нақты әрі толық ақпарат берілуге тиіс. 2026 жыл – жауапты кезең, сондықтан формалды есеп емес, нақты нәтижелер мен жергілікті жер­дегі расталған бақылау қажет», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – инсульт орталығы, ТКА орта­лығы, перинаталдық орталық, травма­тология, хирургия және медици­налық оңалту бөлімшелері бар 32 жаң­ғыртылған орталық аудандық ауру­ха­наны пайдалануға беру мәселесі қа­ралды. Баяндамаға сәйкес, 14 нысан­да жұмыс аяқталған, тағы 24 ауру­­хана қайта жаңарту немесе күр­делі жөндеу кезеңінде. Талқылауда ауыл­дық денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болды. Ұлттық жоба аясында 1100 медицина қызметкерін даярлау қарастырылған.

«Инфрақұрылым салу – маңызды қадам, алайда шешуші фактор – кадр мәселесі. Нысандардың тиімді әрі сапалы жұмысы тікелей медициналық мамандардың даярлығы мен олардың қолжетімдігіне байланысты. Бүгінде ма­мандар тапшылығы ауылдық жерде ғана емес, ірі қалаларда да байқа­лады. Медициналық нысандарды пай­далануға беру персоналды толық­тырудың нақты алгоритмімен және көр­сетілетін қызметтің көлемі мен сапасын нақты түсінумен қатар жүруге тиіс. Кейінгі жылдардағы экономикалық қиындықтарға қарамастан, елімізде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ауқымды инвестициялар салынып жатыр. Бұл жобалардың нәтижесі барлық сын-пікірлерге берілген нақты жауап. Сондықтан нысандарды салумен ғана шектелмей, олардың қанша адамды қамтитынын, қандай нақты пайда әкелетінін халыққа жеткізу маңызды. Азаматтардың денсаулығы – елдің адам капиталы мен стратегиялық әлеуеті. Мемлекет қабылдап жатқан іс-ша­ралардың барлығы осыған бағыт­талған», деп атап өтті Аида Балаева.

Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министрдің орынбасары бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, жыл соңына дейін жұмысты аяқтауға тиіс өңірлер бойынша қо­сымша тексеру жүргізіп, нақты бақы­лау нәтижелері туралы есеп ұсыну­ды; бекітілген жұмыс кестелерін қатаң сақтап, әр облыс бойынша ег­жей-тегжейлі жоспар-графиктерді әзірлеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауды; бірінші, екінші және үшінші бағыттар бойынша толық әрі уақтылы жұмыс жүргізу, жыл соңына дейін алынған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, әр жағдай бо­йынша міндетті түрде ақпарат беруді; 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәтижелері жөнінде өңірлер бойынша нақты әрі толық ақпарат ұсынуды тапсырды.

Бөлісу:
Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар