Ауа райы
1 мин оқу 10

Ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жол жабылды

<p><strong>Бүгін, 13 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт өңіріндегі республикалық маңызы бар трассаларда көліктің барлық түріне уақытша қозғалыс шектеулері енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</strong></p>

Ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жол жабылды

Қозғалысқа шектеу енгізілген республикалық автожолдардың учаскелері:

Ақмола және Павлодар облыстары (Астана – Павлодар бағыты):

Ақмола облысы: Сағат 10:40-тан бастап «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-дан 200-ші шақырымына дейінгі (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) учаскесі жабылды.

Павлодар облысы: Сағат 10:40-тан бастап осы жолдың 200-ден 254-ші шақырымына дейінгі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін) учаскесінде қозғалысқа тыйым салынды.

Бұл жолдардың ашылуының болжамды уақыты 13 желтоқсан сағат 15:00 деп көрсетілген.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстары (Өскемен – Семей бағыты):

Абай облысы: Сағат 12:00-ден бастап «Өскемен – Семей» автожолының 103-тен 198-ші шақырымына дейінгі (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін) учаскесі жабық.

Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО): Сағат 12:00-ден бастап осы жолдың 10-нан 103-шішақырымына дейінгі (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) учаскесінде қозғалыс шектелді.

Бұл бағыттағы жолдар 14 желтоқсан сағат 06:00-де ғана ашылуы мүмкін.

«ҚазАвтоЖол» жолдардың ашылу уақыты ауа райының нақты тұрақталуына байланысты өзгертілуі мүмкін екенін ескертеді. Жүргізушілерге алыс сапарға шығудан аулақ болу және жедел қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалау ұсынылады.

Бөлісу: