БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
<p><strong>Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласынан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган – Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.
Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.