Төтенше жағдай
1 мин оқу 20

Қос қабатты үйдің төбесінен өрт шықты

<p><strong>Петропавлдың іргесіндегі Бескөл ауылында екі қабатты көппәтерлі үйдің төбесінен өрт шығып, барлық тұрғындарды әуреге салды. Әйтеуір өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, отты сөндіріп алды деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қос қабатты үйдің төбесінен өрт шықты

Күшті жел лаулатқан өртті көрген тұрғындар далаға өздігінен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Алайда үйдің төбесі толық күйіп, жоғары қабатының кейбір пәтерлеріне өрт тараған.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Ал тұрғындар жақын маңдағы «Парасат» мектебінде жасақталған эвакуациялық пунктке орналастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы     

Бөлісу:
Қос қабатты үйдің төбесінен өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар