Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 20

Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды

<p style="text-align: left;">&laquo;Human Rights Lawyers&raquo; қоғамдық қоры &laquo;Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау&raquo; жобасын іске асыруда. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды

Аталған жоба аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмекке қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстанның 5 өңірінде – Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарында тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша көрсеткіш 4 пайызға артқаны тіркелді.

Сонымен қатар, барып кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1 000-нан астам азамат жеке қолдауға ие болып, жоба мамандары құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша 2 200-ден астам кеңес берді.

Білім беру бағытына да ерекше көңіл бөлінді. Жобаны іске асыру кезеңінде 3 000 тұрғын үшін семинарлар, тренингтер және дәрістер ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар