Қоғам
1 мин оқу 10

Қос компания – «Парыз» жеңімпазы

<p style="text-align: left;">Шымкенттің екі кәсіпорны &ndash; &laquo;Еврокристалл&raquo; ЖШС, &laquo;Dala-construction.kz&raquo; ЖШС компаниялары Астана қаласында өткен &laquo;Парыз-2025&raquo; республикалық конкурсының лауреаты атанды.</p>

Қос компания – «Парыз» жеңімпазы

Аталған кәсіпорындар өнім өндіріп, өңірлік әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Компаниялардың оңды істері қызметкерлердің еңбек жағ­дайын жақсартуға, әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Конкурстың қалалық кезеңінде Шым­кент қаласынан 18 кәсіпорын қатысып,
5 аталым бойынша 19 өтінім ұсынылған-ды. Комиссия барлық үміткерді арнайы талаптармен қарап, әлеуметтік жауапкершілік деңгейі, еңбек жағдайы, экологиялық талап­­тарды сақтау мен корпоративтік мәде­­ниет көрсеткіштері жағынан бағалады.

Мамандар «Парыз» конкурсы жергілікті кәсіпорындардың бизнестегі әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетінін, алдағы уақытта әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуына серпін беретінін мәлімдеді.

ШЫМКЕНТ 

Бөлісу:
Қос компания – «Парыз» жеңімпазы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар