Саясат
1 мин оқу 30

ЮНЕСКО тізіміне енеді

<p style="text-align: left;">Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкімет&shy;аралық комитетінің 20-сессиясында &laquo;Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі&raquo; аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.</p>

ЮНЕСКО тізіміне енеді

Аталған эле­мент ал­ғаш рет 2014 жылы Қазақ­стан мен Қыр­­­ғызстанның бір­лес­­кен ұсынысымен тізімге енген. Енді кеңейтілген нұсқа киіз үйді әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретінде таныту мүмкіндігін арттырып, Орталық Азия ха­лықтарының ортақ мұрасына айналғанын айғақтайды.

«Қазақстан бұған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мә­дени мұраларының Ре­презентативті тізіміне 14 аталымды енгізген. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемнің 183 мемлекеті ішінде үздік 25 елдің қатарына кіреді», деді Ерлан Қарин.

Қазіргі уақытта біз­дің елдің бірнеше жаңа өтінімі ЮНЕСКО қарауында тұр. Атап айтсақ, «Салбурын» ұлт­­тық дәстүрі, «Кесте тігу өнері» (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан), «Киіз басу өнері» (Қа­зақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Моң­­ғолия, Тәжікстан, Түр­кия, Өзбекстан), «Ал­памыс жыры» (Қазақ­стан, Әзербайжан, Тү­рік­­менстан, Түркия, Өз­бекстан), «Тақия» дәс­түрі (Қазақстан, Түр­ік­­­мен­стан, Әзер­байжан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Өз­бекстан, Түркия).

Бұл аталымдардың ЮНЕСКО тізіміне енуі қазақ мәдениеті мен Орталық Азияның ортақ мұрасына халықаралық деңгейде жаңа мәртебе берері анық.

Бөлісу:
ЮНЕСКО тізіміне енеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар