Қоғам
2 мин оқу 30

Жаңа жинақ таныстырылды

<p style="text-align: left;">Астанада &laquo;Қазақтың ХХІ ғасырдағы дәстүрі мен құндылықтары&raquo; атты бірегей тұжырымдамалық жинақ көпшілікке та&shy;ныс&shy;ты&shy;рылды. Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутат&shy;тар, ғалымдар, сарапшылар, қоғамдық ұйым&shy; өкілдері қатысты.</p>

Жаңа жинақ таныстырылды

Мәулен Әшімбаев аталған рәсімнің мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілуінің рәміздік мәні­не назар аударып, бұл күнде бос нау­қан­ға жол бермей, терең мазмұн, дұ­рыс құндылықтар және ұзақмерзімді бағдарды дәріптеудің маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ ол кітаптың ұлттық бірегейлікті нығайту және жаңа қоғамдық этика қалыптастыру жолын­дағы ерекше рөліне тоқталды. Сенат төрағасы Мемлекет басшысы бұл маңыз­ды бағыттарға үнемі баса мән беріп келе жатқанын атап өтті.

«Бірегейлік туралы бүгінгі сұхбаты­мыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген идеологиялық бағ­дар­мен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этика қалып­тастыруға, жауапкершілік мәде­ниетін ілгерілетуге, «Заң мен тәртіп» қағидатын дамытуға және қоғам­­ға қызмет етуге дайын адал, білімді, кемелденген – «Адал азамат» идеоло­гия­­сын нығайтуға айрықша көңіл бөліп келеді. Осы орайда «Реформалар мәні» серия­сымен «Түркістан» газеті­не жария­ланған мақалам да атал­ған мәсе­леге арнал­ға­нын айта кеткен жөн. Мақа­лада қуатты мемлекеттік институт­тармен және тұрақты экономикамен қатар ұлттық бірегейлік те Қазақ­стан­ның қазіргі таңдағы маңызды тіректерінің бірі екенін айтқан едім», деп Сенат төрағасы ауқымды зерттеулер жүргізген кітап авторларына алғыс білдірді.

Айта кетейік, жаңа жинақтың авторлары – бұған дейінгі еңбектері академия­лық және қоғамдық дискурстың маңыз­ды бөлігіне айналған белгілі зерттеушілер. Олардың қатарында Сенаттың жоба­ларына, оның ішінде Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің жұмы­сына белсенді қатысып жүрген Әлима Бисенова, Сұлтан Әкімбеков, Радик Темірғалиев секілді білікті мамандар бар.

Іс-шарада Мәулен Әшімбаев эмпири­калық деректермен қатар, терең философия, мәдени жады және тарихи сана жаңа еңбектің бірегейлігін айшықтай түсеті­нін тілге тиек етті. Сондай-ақ кітапта салт-дәстүрлер мен шежіре бірегей­лігі, коммеморативті тәжірибелер, отбасы­лық қатынастардың өзгеруі, қала өмірі­нің жаңа формалары, құндылықтардың құбылуы кеңінен талданғанын атап өткен жөн. Мұндай тақырыптар оқырманға ұлттық мәдениеттің өміршең, көпқырлы және динамикалық мәнге ие екенін көруге мүмкіндік береді. 

Бөлісу:
Жаңа жинақ таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар