Руханият
1 мин оқу 21

Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды

<p><strong>Тәуелсіздік күніне орай Алматыда &laquo;Тәуелсіздік&raquo; монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></strong></p>

Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды

Еске алу іс-шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Жиналған қауым елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-рухты оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен аяқталды.

Бөлісу:
Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар