Білім
1 мин оқу 20

Маңғыстаулық студенттер халықаралық жарыста қола жүлде еншіледі

<p style="text-align: left;"><strong>&laquo;2025 China Grand Final&raquo; шеңберінде &laquo;BRICS Skills Competition&raquo; халықаралық чемпионаты&nbsp;Қытайдың Шаоян қаласында өтті. Оған&nbsp;Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда, Оңтүстік Африка елдерінен 82 команда қатысты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Маңғыстаулық студенттер халықаралық жарыста қола жүлде еншіледі

BRICS-FS-16 / Internet of Things («Интернет заттар») бағыты бойынша өткен халықаралық финалда Қазақстан намысын қорғаған команда жоғары техникалық дайындық пен үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесінде үздіктер қатарына еніп, қола медаль иеленді.

«Бұл жетістік – отандық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының халықаралық стандарттарға сай маман даярлап отырғанының айқын дәлелі», дейді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Жүлдегерлер Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері Сүндет Баянов, Ануар Рамазан, команда жетекшісі – Әділбай Жақсылық.

Бөлісу:
Маңғыстаулық студенттер халықаралық жарыста қола жүлде еншіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар