Аймақтар
1 мин оқу 40

Батыс Қазақстан облысында үш адам аязда үсіп, көз жұмды

<p class="align-left formatted-body__paragraph"><strong class="formatted-body__strong">Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан үш адамды үсік шалып, көз жұмды. Түрлі ауданның тұрғындары із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;<a class="formatted-body__link" href="https://mgorod.kz/news/do-trex-celovek-vyroslo-kolicestvo-zertv-nepogody-v-zko" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Мой город&raquo;</a>-қа сілтеме жасап.</strong></p>

Батыс Қазақстан облысында үш адам аязда үсіп, көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды. Олар –  Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғыны, Бөкейорда ауданының 25 жастағы тұрғыны және Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны. Барлығы үсік шалып, көз жұмған.

Ақжайық ауданының тағы бір 54 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, бірақ аяқ-қолдары үсіп қалған. Ол Оралға жеткізілді.

Сонымен қатар Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны да жоғалып кеткен. Ол 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында Бұқар қыстағынан шығып кеткен.

Оны құтқарушылар, әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік қызметкерлері іздестіріп жатыр. 

Бөлісу: