Оқиға
1 мин оқу 30

Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген

<p style="text-align: left;"><strong>&laquo;Тарбағатай&raquo; мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген

Айта кетелік, Түркістан сілеусіні – қорғауға алынған жыртқыш сүтқоректі. Алынған бейнематериалдар аталған түрдің табиғи мекендеу ортасында тұрақты кездесетінін көрсетіп отыр.

«Ұлттық парк аумағында сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін бақылау жұмыстары заманауи әдістерді, соның ішінде фототұзақтар мен бейнетіркеу құралдарын пайдалану арқылы тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр», делінген хабарламада.

Жиналған деректер ғылыми-зерттеу жұмыстарына және биологиялық алуан түрлілікті сақтау шараларын жоспарлауға қолданылады.

Бөлісу:
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар