Аймақтар
2 мин оқу 10

Шахмат кабинеті ашылды

<p style="text-align: left;">Түркістан қаласындағы &laquo;Келешек мектептері&raquo; ұлттық жобасы аясында салынған №32 жал&shy;пы орта мектебінде оқушы&shy;лардың ойлау қабілеті мен ло&shy;гикалық дағдыларын дамыту бағытында жаңа бас&shy;тама қолға алынды.</p>

Шахмат кабинеті ашылды

Білім ордасында арнайы жаб­дық­талған шахмат ка­бинеті ашылып, әр қа­бат­тың фойесіне оқушы­лар­дың қолжетімді түрде ойнауына арналған шахмат тақталары орнатылды. Шах­мат – баланың көрнекі-бейнелі ойлауын дамытып, шешім қабылдау, талдау мен табандылық дағдыларын қалыптастыратын интеллектуалды ойын. Сондықтан мектепте бұл бағытқа қызы­ғушылық артып отыр. Қазіргі таңда 1-4 сыныптан 150 оқушы, 5-7 сыныптан 45 оқушы тұрақты түрде үйірмеге қатысады.

Мектеп директоры Айгүл Абайқызы бұл бастаманың маңызы ерекше екенін айтты.

«Шахмат – жай ғана ойын емес, баланың ми қабілетін шың­дайтын құрал. Үйірмеге қатысып жүрген оқушылардың сабақ­қа ынтасы артып, ой­лау жылдамдығы, зейіні жақсар­ғанын байқаймыз. Ата-аналар­дың да қызығушы­лығы жоғары. Олар баласы­ның бос уақытын тиімді өткізіп, өзіне сенімді бола түсуін қолдайды. Біз үшін әр жеткіншектің жан-жақты дамуы – басты мақсат», деді мектеп басшысы.

Оқушылардың шахматқа сүйіс­пеншілігін арттыру мақ­сатында жа­қында мектепке халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ыбраев келіп, жас шахмат­шыларға шеберлік сабағын өткізді. Бұл іс-шара ата-аналар мен балалардың интеллектуалды ойынға ынтасын арттыра түсті.

Айта кетейік, елімізде 42 мектепте шахмат пән ретінде оқытылады, ал 1500-ге жуық білім ордасында үйірмелер жұмыс істейді. 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар аясында Түркістан облысындағы шахмат үйірмелерінің саны одан әрі артпақ. Бір сөзбен айтқанда, шахмат – баланың болашағын өзгерте алатын интеллек­туалды инвестиция.

Сұлтанбек НҰРЛАН,

Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы

Бөлісу:
Шахмат кабинеті ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар