Президент
1 мин оқу 30

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

<p><strong>Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды.&nbsp;1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
пп
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито Император сарайында қарсы алды. 
 
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар