Оқиға
1 мин оқу 40

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

<p><strong>Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

Жаңа заңнама аясында ЛГБТ насихаты құқыққа қайшы контент ретінде жіктелді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат кулуарында бұл тыйымды бұзғандарға қандай шара қолданылатынын түсіндіріп берді.

Айыппұлдар мен жаза түрлері:

  • Бірінші рет бұзғандарға: 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады.
  • Бір жыл ішінде қайталанса (рецидив): Айыппұл көлемі артады немесе құқық бұзушы 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

«Тиісті шаралар тек ресми арыз түскен жағдайда ғана қабылданады. Мысалы, азаматтар e-Otinish порталы арқылы шағым түсіре алады, содан кейін ғана мазмұнды бағалау процедурасы басталады», деді Евгений Кочетов.

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты заңға түзетулер енгізіледі

Еске сала кетейік, тыйым тек ЛГБТ-ға ғана емес, сонымен қатар педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды дәріптейтін кез келген материалдарға (БАҚ, кітаптар, іс-шаралар) қатысты.

Бөлісу: