Оқиға
1 мин оқу 20

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>Орал қаласында бір үйдің бес баласы мен анасы табиғи газдан уланып қалды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 желтоқсан күні болған. 

Қазіргі уақытта бес бала Зачаган кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған. Олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Ал балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ведомство өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар