Шымкентте 4000-нан астам жалған «MacCoffee» тәркіленді
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>Шымкент қаласында танымал «MacCoffee» 3/1 өнімін антисанитариялық жағдайда қолдан жасап келген жасырын цех анықталды. Әділет органдары мен полиция департаменті бірлесіп жүргізген жедел тексеріс нәтижесінде заңсыз өндіріс тоқтатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

«Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді. Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені хабарланды», делінген хабарламада.