Саясат
2 мин оқу 20

Ұлыбритания елшісімен кездесті

<p style="text-align: left;">Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Салли Джейн Аксуорсимен кездесті.</p>

Ұлыбритания елшісімен кездесті

Мәулен Әшімбаев елшіні тағайындалуымен құттықтай отырып, Ұлыбритания Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан аса уақыт өткенін, бүгінде өзара байланыс достық, сенім, құрмет және ортақ мүдделерге табан тірейтінін айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстан – Британ қа­ты­настары түрлі салада қарқынды дамып келеді. Ең жоғары деңгейде берік және сындарлы саяси диалог қалыптасты. Былтыр қараша айында Бакуде өткен COP29 жаһандық климаттық саммиті алаңында Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармердің кездесуі елдеріміз арасын­­дағы ынтымақтастыққа жаңа сер­пін берді. Сондай-ақ 2024 жыл­ғы сәуір­де Біріккен Корольдіктің сырт­қы іс­тер министрі Дэвид Кэме­рон­ның Қазақстанға сапары кезінде Стра­тегиялық серіктестік пен ынты­мақтастық туралы келісімге қол қо­йыл­ғаны белгілі. Қазақстан Парлам­енті осы келісімді іске асыруға өз септігін тигізуге дайын», деді Сенат төрағасы.

Тараптар парламентаралық ынты­мақтас­тықты кеңейту мәселесіне де тоқталд­ы. Сұхбат кезінде екі елдің Парла­мент­терінде жұмыс істейтін достық топтары аясында өзара іс-қимылды одан әрі арттыру жөніндегі міндет белгіленді.

Сонымен қатар палата спикері Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға назар аударды. Мәулен Әшімбаев Қазақстанның саяси жүйесін демократияландыру мәселелеріне және Президент Жолдауындағы жаңа бастамаларға жан-жақты тоқталып, жүргізіліп жатқан өзгерістердің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне үнемі қолдау көрсетіп, белсенді қатысып келе жатқаны үшін Англикан шіркеуінің рухани өкілдеріне ризашылық білдірді.

Өз кезегінде Салли Джейн Аксуорси Парламент Сенатымен екіжа­қты қарым-қатынастың кең ауқым­ды мәселелері бойынша ынты­мақ­­тас­тықты одан әрі нығайтуға мүд­делі екенін айтты. 

Бөлісу:
Ұлыбритания елшісімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар