Президент
1 мин оқу 20

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

<p><strong>Президент Қазақстанның 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.</strong></p>

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.

Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.

Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.

Саммитте Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Бөлісу:
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар