Әлем
1 мин оқу 10
Өзбекстанда Disneyland салынуы мүмкін
<p><strong>Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саиди Мирзиёева Ташкентте The Walt Disney компаниясының вице-президенті Хайма Вашингтонмен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Келіссөз барысында тараптар Өзбекстан астанасын балалар контентін шығаратын аймақтық хабқа айналдыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ресми Ташкент Голливуд мамандарымен бірге аниматор, режиссер және автордарды даярлауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Хайма Вашингтон Өзбекстанда The Walt Disney компаниясының Орталық Азия елдері бойынша өкілдігін ашуға және өзбек тіліндегі контент қамтылған балалар телеарнасын іске қосуға қызығушылық білдірді.
Бөлісу: