Спорт
1 мин оқу 10

«Барыс» бүгін елордада «Сочимен» кездеседі

<p style="text-align: left;"><strong>Қазақстандық &laquo;Барыс&raquo; командасы бүгін, яғни 21 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің &laquo;Сочи&raquo; командасына қарсы өткізеді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Барыс» бүгін елордада «Сочимен» кездеседі

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 23 мәрте шеберлік байқасты. Оның 16-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Сочи» 23 ұпаймен 22-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубымен ойнаса, 25 желтоқсанда «Автомобилист» (Екатеринбург), 27 желтоқсанда «Амур» (Хабаровск) командаларымен кездеседі.

Бөлісу:
«Барыс» бүгін елордада «Сочимен» кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар